Ормандағы өрт қауіпсіздігі: әр адам нені білуі керек

Ормандағы өрт қауіпсіздігі: әр адам нені білуі керек

Орманда өрттің алдын алу жолдары

Орман өртімен күрескеннен гөрі, оның алдын алған әлдеқайда оңай. Өрттердің басым бөлігі адамдардың отпен абайсыз әрекет етуінен туындайды.

Табиғат аясында демалған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз:

  • тыйым салынған жерлерде және құрғақ, желді ауа райында от жақпаңыз;
  • отты қараусыз қалдырмаңыз және кетер алдында оны толық сөндіріңіз;
  • толық сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылы және басқа да жанып тұрған заттарды тастамаңыз;
  • орманда шыны бөтелкелер мен өрттің шығуына себеп болуы мүмкін қоқысты қалдырмаңыз;
  • ерекше өртке қарсы режим енгізілген жағдайда оның талаптарын сақтаңыз.

Егер түтін немесе өртті байқасаңыз, бұл туралы дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабарлап, қауіпті аумақтан қауіпсіз бағытпен кетуге тырысыңыз.

Орманды қорғаңыз — қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау табиғатты, мүлікті және адам өмірін сақтауға көмектеседі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-mobil/press/events/details/47715?lang=kk