«Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:
1) «Біржан сал, Қарасай батыр, Бұланты, Конституция көшелерінің қиылысы ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу (автоматтандырылған паркинг, көппәтерлі тұрғын үйлер, паркингі бар бизнес-орталық, балабақша, студенттік жатақханалар, колледждер, дағдарыс орталығы, әкімшілік ғимараттар)
Тапсырыс беруші «Sapar Astana» ЖШС.
2) «Бейбарыс Сұлтан, 2016-1, Еңлік Кебек және Ақан Сері көшелерінің шекараларында егжей-тегжейлі аумақты жоспарлау жобасын» әзірлеу (перинаталдық орталық, мектептер, зертхана, техникалық блок, жедел жәрдем көліктеріне арналған гараж, көп бейінді қалалық аурухана, көппәтерлі тұрғын үйлер, балабақша, спорт кешені)
Тапсырыс беруші «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ.
Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 6 тамызда сағат 10:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.
Схемалармен «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ ресми сайтында толық таныса аласыз.
Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 6 тамызда сағат 10:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.
📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде k.baigabylova@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.
