Бүгін, 2026 жылғы 2 қарашада Қазақстан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуын атап өтуде.
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым -этнограф. Ол қазақ балаларының білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.
1864 жылғы қаңтарда Ыбырай Алтынсарин Торғайда мектеп ашты. Кейін облыстық мектептер инспекторы қызметін атқара жүріп, жаңа оқу орындарын, соның ішінде қолөнер училищесін ашты, сондай-ақ қыз балаларға арналған мектептің ашылуына ықпал етті.
Ол Қазақстан балаларына арналған алғашқы оқулықтардың бірқатарының авторы атанып, еліміздің заманауи білім беру жүйесінің негізін қалады.