Қарағанды облысында "Адал кәсіпкер"акциясына қатысушылар марапатталды

Қарағанды облысында "Адал кәсіпкер"акциясына қатысушылар марапатталды

Қарағанды облысында Кәсіпкерлер күні аясында «Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде өткізілген «Адал кәсіпкер» акциясының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

«Үздік салық төлеуші» номинациясы бойынша шағын бизнес санатында «KERABLOK» ЖШС, орта бизнес санатында «КазСолар 50» ЖШС және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында «QARMET» АҚ марапатталды. Ал «Әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясында «Пржевальское» ЖШС үздік деп танылды.

Бұл марапаттар - мемлекет алдындағы міндеттемелерін адал орындап, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер еңбегінің бағасы. Өйткені жауапты бизнес - тек экономикалық жетістік емес, сонымен қатар заңға, қызметкерлерге және қоғамға деген құрмет.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/events/details/49660?lang=kk