Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында профилактикалық іс - шара
Өтетін күні: 30.10.2026 00:00Рабочая поездка
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін СИ-16 тергеу изоляторына профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қызметкерлердің құқықтық санасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың салдарын түсіндіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеуге бағытталған. Іс-шара барысында қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық, парасаттылық және жеке жауапкершілік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.