2026 жылғы 30 қазанда Зареченск ауылдық округінің әкімі Ю.Н. Корн тұрғындармен кезекті кездесу өткізді. Кездесуге учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Қалкенов Қайрат Бұзаубаевич қатысты.
📋 Кездесу барысында ауылдық округ әкімінің атқарылған жұмыстары туралы есебі ұсынылып, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және су құбыры желілерін жөндеу мәселелері талқыланды.
👮 Интернет-алаяқтықтың алдын алу және ауыл шаруашылығы жануарларының қараусыз жайылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🤝 Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге және өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.
🌿 Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана ауылдарымызды таза, көрікті, қауіпсіз әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз!
