Жаңа Конституция — әлеуметтік кепілдіктер мен азаматтардың құқықтары
Конституциялық өзгерістер қоғам өмірінің маңызды мәселелерін қамтиды. Олардың қатарында адам құқықтарын қорғау, отбасын қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бар.
Мемлекеттің әлеуметтік бағыттылығы — әрбір адамның өз құқықтарын жүзеге асыруына, тең мүмкіндіктерге ие болуына және заңда көзделген жағдайларда қолдау алуына жағдай жасаудың негізі.
Әлеуметтік салада мынадай бағыттар ерекше маңызға ие:
🔹 адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
🔹 отбасын, ана мен әкені және баланы қолдау;
🔹 денсаулық сақтау және медициналық көмектің қолжетімділігі;
🔹 білім алу құқығы;
🔹 еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы кепілдіктер.
Конституциялық нормаларды іске асыру әділеттілік, теңдік және әрбір адамның қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Өз конституциялық құқықтарыңызды білу — оларды қорғаудың маңызды қадамы!
#Конституция #Заң және Тәртіп #ӘлеуметтікҚорғау #АзаматтардыңҚұқықтары #Қазақстан