25 қазан – Республика күніне орай Бәйдібек би ауылдық округінің Мәдениет үйінде «Ғажап мекен Қазақстан» атты мерекелік концерт өткізілді.
Мерекелік іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігін нығайту және тұрғындардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Концерттік бағдарлама аясында әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін ұлықтап, ұлттық рухты асқақтатты.
Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен бірлігін айшықтайтын маңызды мереке. Осы айтулы күнге арналған іс-шара тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлап, елге деген мақтаныш сезімін арттырды.