Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі

Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі

Республика күні қарсаңында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған Ерлан Нұрланұлы Архабаевтың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.
Ант қабылдау – халық пен мемлекетке адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға, адалдық пен кәсіби жауапкершілік қағидаттарын ұстануға бағытталған маңызды әрі жауапты қадам.
Ерлан Нұрланұлына кәсіби қызметіне табыс, жаңа жетістіктер және ел мен қоғам игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз!
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы кәсіби өсу мен алға қойған мақсаттарын табысты жүзеге асыруға негіз болсын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/events/details/49614?lang=kk