ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

22.10.2026 жылы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жергілікті тұрғындармен құқықтық кездесу өтті.

Мақсат – қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын берік орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесу барысында тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, ҚР Конституциясының жаңа нормалары түсіндіріліп, азаматтарды толғандырған өзекті мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/events/details/49578?lang=kk