🔹Қызылорда облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлерге арналған семинар өткізілді.
🔹Семинар барысында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жолданымдарды тіркеу, оларды қарау мерзімдері, тыңдау рәсімін ұйымдастыру және тыңдау хаттамасын рәсімдеу, сондай-ақ қайталама өтініштерді есепке алу тәртібі түсіндірілді.
🔹Сонымен қатар, мемлекеттік орган қызметкерлерінің әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтауы, өтініштерді уақтылы әрі сапалы қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жолданымдарды қарау мерзімдерін ұзарту заңдылығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔹Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, практикалық ұсынымдар айтылды.
🔹Заң талаптарын сақтау – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі.
ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/events/details/49577?lang=kk