Қызмет алушылар денсаулығы – назарда

Қызмет алушылар денсаулығы – назарда

Қызмет алушылардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу – №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басты назарындағы маңызды міндеттердің бірі.

Бүгін №7 қалалық емхананың қолдауымен орталық қызмет алушыларына арналған жылжымалы рентген автобусы ұйымдастырылып, флюорографиялық тексеру жүргізілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – қызмет алушылардың денсаулық жағдайын бақылау, ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу. Осындай профилактикалық тексерулер денсаулық жағдайын бағалауға және медициналық көмекке уақытылы жүгінуге мүмкіндік береді.

№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет алушылардың денсаулығына ерекше көңіл бөліп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/events/details/49539?lang=kk