ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ БАРШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ «25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!
Өтетін күні: 25.10.2026 00:00Құттықтау
Құрметті қазақстандықтар!
Департамент ұжымы Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің негізін айқындайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын, жарқын болашаққа деген сенімін бейнелейтін маңызды тарихи белес.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
Республикамыздың мерейі үстем, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!