Тұрғындардың назарына!
Семей қаласы мәслихатының аппараты Семей қаласының бірқатар көшелерін қайта атау туралы Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларында 2026 жылғы 9 қарашада сағат 11:00-де Абай атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында (Абай көшесі, 86, 2-қабат) өткізілуі жоспарланған көпшілік тыңдаулардың өткізілмейтінін хабарлайды.
Аталған көпшілік тыңдаулар туралы хабарландыру осы сайтта 2026 жылғы 9 қазанда жарияланған болатын.
Қоғамдық тыңдаулардың өткізілмейтіндігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының негізінде барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшілік тыңдауларды өткізу күні мен уақыты туралы қосымша ақпарат белгіленген тәртіппен тиісті хабарландыру жариялау арқылы хабарланады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Семей қаласы мәслихатының аппараты