Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу шаралары туралы

Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу шаралары туралы

Спикер: Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Елеусізқызы Кәрібаева 

Қайырлы күн, құрметті әріптестер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Анықтама:

Бүгінгі күні елордада 545 мыңнан астамбала тұрады, балалар санының өсуі байқалады, жыл сайынғы өсім 35 мыңнан астам баланы құрайды.

2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасыніске асыру шеңберінде өңірлік жоспар бекітіліп, онда «Баланың қауіпсіздікке құқығы»бағыты бойынша 40-тан астам іс-шара өткізу көзделген. Оның ішінде балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу шаралары да қарастырылған.

Терезеден құлау – балалар жарақатының негізгі себептерінің бірі.

Көп жағдайда бұл оқиғалар себебі балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы және ата-аналар мен заңды өкілдердің бақылауының  жеткіліксіздігі.

Осы бағыттағы жұмысты жүзеге асыру шеңберінде әкімдікпен ағымдағы жылға Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар 6 бағыт бойынша 50-ден астам іс-шараны қамтиды.

«Қауіпсіз терезе» акциясы аясында профилактикалық рейдтер өткізілді. Оларға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылып, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға арналған қорғаныс құрылғылары көрсетіле отырып, жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Ата-аналарға арналған, сауалнама форматында әзірленген және олардың үй жағдайында балалардың қауіпсіздік деңгейін өз бетінше тексеруіне бағытталған 5 мыңға жуық ақпараттық чек-парақ таратылды.

Еңбек ұжымдарында балалардың қауіпсіздігіне арналған «бес минуттық» түсіндіру жұмыстарының өткізілуі бастамашылық етілді.

Балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық бейнематериалдар әзірленді:

-ашық және қорғалмаған терезелердіңбаланың өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін түсіндіретін анимациялық бейнероликтер;

-балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға жол берілмейтінін түсіндіретін, баланың қатысуымен түсірілген бейнемонолог;

-москиттік торлардың беріктігі төменекенін көрсететін бейнеролик.

Аталған жұмыс аясында халық арасында, оның ішінде ата-аналар қауымдастығы арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тек жазғы кезеңде өткізілген іс-шаралармен 10 мыңға жуық ата-ана қамтылды.

Жоғарыда атап өтілгендей, балалардың терезеден құлауы көбіне ата-аналар мен заңды өкілдердің тиісті бақылауы болмаған жағдайда орын алады.

Осыған байланысты біз ата-аналарға арналған «Білім базасын» әзірледік. Онда балалардың құқықтары, ата-аналардың міндеттері, ата-аналардың өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ қажетті психологиялық көмек алу жолдары туралы ақпарат қамтылған.

Құрметті елорда тұрғындары!

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы ата-аналарға қауіпсіздіктің негізгі шараларын қатаң сақтауды ұсынады, атап айтқанда:

- балаларды қараусыз қалдырмау;

- терезелерге арнайы қорғаныс тетіктерін орнату;

- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын сақтау.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының назарына кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға қатысты барлық мәселелер бойынша Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы жүгіне алатындарыңызды жеткіземіз.

Назарларыңызға рахмет.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/events/details/49434?lang=kk