БАЙҚОҢЫРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

БАЙҚОҢЫРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қызылорда облысы Әділет департаментінің Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы – аға сот орындаушысы Ж.К.Баекеева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Байқоңыр қалалық бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

✅Мақсат – мемлекеттік және қоғамдық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңдылықты нығайту және заң бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында Ж.К.Баекеева сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау және азаматтарға сапалы әрі ашық қызмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, атқарушылық өндіріс саласындағы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сұрақтар бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/events/details/49405?lang=kk