БЕЛКӨЛ КЕНТІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БЕЛКӨЛ КЕНТІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Белкөл кентінде Қызылорда облысы Әділет департаменті өкілдерінің және сот орындаушыларының қатысуымен құқықтық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттап, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында азаматтарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының жаңа нормалары түсіндіріліп, Әділет департаментінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тұрғындарға кеңестер берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/events/details/49404?lang=kk