Астана қаласының Білім басқармасы білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
2026 жылғы 31 тамызда Басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыевтің төрағалығымен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, өрт дабылы мен хабарлау жүйелерінің жарамдылығы, эвакуациялық жолдардың қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары қарастырылды.
Сонымен қатар, осы бағытта 2026 жылғы 21 сәуірде онлайн форматта, 30 сәуірде Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен офлайн форматта кеңестер өткізілген болатын.
Өткізілген кеңестердің қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Басқарманың тұрақты бақылауында.