2026 жылғы 30 сәуірде Астана қаласының Білім басқармасы Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің және білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен білім беру объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында терроризмге қарсы қорғалу талаптарын сақтау, өткізу режимін ұйымдастыру, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, өрт қауіпсіздігі, хабарлау және эвакуациялау жүйелерінің дайындығы, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына қауіпсіздік шараларын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүргізу және белгіленген талаптардың сақталуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Астана қаласы Білім басқармасының тұрақты бақылауында.