Департаментте цифрлық гигиена және лудоманияның алдын алу бойынша семинар өтті.

Департаментте цифрлық гигиена және лудоманияның алдын алу бойынша семинар өтті.

📌 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Цифрлық гигиена: интернет-алаяқтардың құрбаны болмау жолдары» және «Лудомания» тақырыптарында семинар-кеңес өткізілді.

👮‍♂️ Спикерлер ретінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері қатысты:
🔹 Кайракбаев А.М. — полиция подполковнигі, басқарма бастығының міндетін атқарушы;
🔹 Зияда Д.Ғ. — полиция капитаны, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл.

💻 Қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректер мен қаржыны қорғау жолдары, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің салдары түсіндірілді.

⚠️ Қырағы болыңыз! SMS-кодтарды және банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және оңай табыс туралы уәделерге сенбеңіз.

🤝 Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтық пен лудоманияның алдын алуға бағытталған.

🔐 Өзіңізді және жеке деректеріңізді қорғаңыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/events/details/49337?lang=kk