2026 жылғы 9 қазанда Әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Аймурзинова Қ.Ж. «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектігі бар адамдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің базасында өткен мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша Ашық есік күніне қатысты.
Іс-шара барысында медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға арналған абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланды.