Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 15 қазан күні өтеді

Ақтау қаласының қоғамдық  кеңесінің отырысы 2026 жылғы 15 қазан күні өтеді

Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы                            6 қазан  күні сағат 15:30-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді   (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401).

Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

          1. Қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің мәселелері мен оның сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы:

·     «Медицина және мәдениет саласы мамандарының тұрғын үй мәселесін

шешу бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеу туралы»;

·     «Бала және ананы қорғау бағытындағы медициналық қызметтердің қолжетімділігі».

          2. Ішуге жарамды судың сапасын бақылау және оның үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы:

·      «Коммуналдық тарифтер мен қызмет сапасы арасындағы сәйкестікті талдау»;

·  «Су және жылу есептегіш құралдарының орнатылу деңгейін тексеру».

3. Ақтау қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарының іске асырылу барысы туралы.

4. Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі туралы.

          Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401.

 

                  ҚК   төрағасы                                                                         С. Карипов

          

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-aktau/press/events/details/49277?lang=kk