Құрметті ардагер ұстаздар, қадірлі қариялар!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер – халқымыздың баға жетпес қазынасы, рухани құндылықтарымыздың сақтаушылары, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін ақыл-ой мен өмірлік тәжірибенің қайнар көзісіздер. Әсіресе, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім беру саласына арнаған ардагер ұстаздардың еңбегі айрықша құрметке лайық.
Сіздердің ел дамуына қосқан үлестеріңіз, еселі еңбектеріңіз бен өнегелі өмір жолдарыңыз – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тағылым. Ақыл-кеңестеріңіз бен ақ баталарыңыз әрдайым кейінгі буынға рухани демеу болып, ізгілік пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп келеді.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, әрдайым сый-құрметке бөленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Әр шаңыраққа шаттық пен жылулық, жүректеріңізге қуаныш пен тыныштық орнасын!
Халықаралық қарттар күні құтты болсын!
Құрметпен,
Ақсуат ауданы білім бөлімінің басшысы
А. Қыдырмолдин