«Ыcтық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – парасаттылық пен белсенділік алаңы

«Ыcтық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – парасаттылық пен белсенділік алаңы

Жетісу облысының мемлекеттік қызметшілері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты облыстық дебат турнирі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің шешендік қабілеттерін жетілдіру, сыни ойлау дағдылары мен пікірталас мәдениетін дамыту, сондай-ақ адалдық, парасаттылық қағидаттарын нығайтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Аталған турнирге Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің атынан:

Аюпкан Ұлбосын

Ержанова Мақпал

Серікболов Бауыржан

белсенді қатысып, өздерінің білімін, кәсіби біліктілігін, тапқырлығы мен шешендік шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті.

 Турнир барысында белсенділік танытып, қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға үлес қосқан әріптестеріміз Алғыс хаттармен марапатталды.

Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті, адалдық пен кәсіби біліктілікті талап ететін абыройлы міндет. Осындай пікірталас алаңдары мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық дамуына, азаматтық ұстанымдарының нығаюына және өзара тәжірибе алмасуына ықпал етеді.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/events/details/49260?lang=kk