Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы 2026 жылғы 7 қазанда аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерімен Zoom форматында «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету мәселесі бойынша дөңгелек үстел - кеңес өткізді.
Кеңес қолданыстағы Салық кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 «Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес өткізілді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметті алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салықтық өтініштерді есепке жатқызу және қайтару туралы қарау кезінде негізсіз бас тартуға жол бермеу жөнінде тапсырмалар берілді.
Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету мәселесі
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/events/details/49244?lang=kk