Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған іс-шара өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған іс-шара өтті

       2026 жылғы 8 қазанда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ активінің салтанатты іс-шарасы өтті.

       Іс-шараға мемлекеттік органдардың, облыстың кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шара барысында Департамент басшысы Манабаева Гүлбақыт Хакимқызы құттықтау сөз сөйледі.

       Өз сөзінде Гүлбақыт Хакимқызы кәсіптік одақтардың жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудағы, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы, сондай-ақ мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы тиімді әлеуметтік әріптестікті дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

        Кәсіподақ қозғалысының қатысушыларына зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

        Іс-шара соңында әлеуметтік әріптестікті дамытуға және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан кәсіподақ қозғалысының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/events/details/49234?lang=kk