Встреча с ветераном труда

Встреча с ветераном труда

Қарттар күніне орай еңбек ардагері, Доскей ауылының құрметті тұрғыны Виктор Тахавиевич Акашевке арнайы барып, сәлем бердік.

Виктор Тахавиевичтің өмірлік және еңбек жолы мол. Ол шахтада еңбек етіп, инженерлік және басшылық қызметтер атқарған, мемлекеттік қызметте болған, сондай-ақ Доскей ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Кездесу барысында жылы әрі еркін әңгімелесіп, өмірдің әр кезеңдерін еске алып, бүгінгі күн туралы пікір алмастық.

Аға буын өкілдерімен жүздесудің маңызы ерекше. Олардың өмірлік тәжірибесі, даналығы мен еңбекке деген көзқарасы жастарға үлгі болады.

Виктор Тахавиевичке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық және жақындарының мейірімі мен қамқорлығын тіледік.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-buhar-zhyrau/press/events/details/49225?lang=kk