«БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІНЕ» ҚАТЫСУ

«БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІНЕ» ҚАТЫСУ

«БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІНЕ» ҚАТЫСУ

2026 жылғы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында бақылау және қадағалау органдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Бірыңғай есеп беру күні» өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алғазиев Ермек Алғазиұлы қатысты.

Кездесу аясында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзекті мәселелері қаралып, мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында ашық диалогты қамтамасыз етуге, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнаманы бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнестің сындарлы өзара іс-қимылына ықпал етеді, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел талқылауға және оларды шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/events/details/48815?lang=kk