Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3 тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, VІІІ шақырылған Ескелді аудандық мәслихаттың кезекті ХLV сессиясы, 2026 жылдың 16 қыркүйегіне аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сағат 15.00-де шақырылсын.
Күн тәртібінде:
- Ауданның жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы есебін тыңдау.
- Ауыл шаруашылық жануарларды жұқпалы аурулардан сақтандыру және эпизоотиялық жағдайдың алдын алу шаралары, жалпы аудан бойынша атқарылып жатқан ветеринариялық жұмыс жөнінде есеп.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, Бақтыбай ауылдық округі әкімінің 2025-2026 жылдары өзіне жүктелген міндеттерін орындауы туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, Көкжазық ауылдық округі әкімінің 2025-2026 жылдары өзіне жүктелген міндеттерін орындауы туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі.
- Басқа мәселелер.
Мәслихат төрағасы Қ. Сатанов