🌟 ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ЖЕТІСТІК

🌟 ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ЖЕТІСТІК
Кеше Орал қаласында «Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер» тақырыбында облыстық педагогтердің тамыз конференциясы өз жұмысын қорытындылады.
Педагогтер бас қосқан маңызды жиында өткен оқу жылының нәтижелері сараланып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар мен білім беру саласының өзекті міндеттері талқыланды.
Конференцияның мәні мен мазмұнын айшықтаған маңызды сәттердің бірі білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Жігерқызының Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталуы.
Бұл – аудан білім саласының дамуына бағытталған жүйелі жұмыстың, ұжымдық еңбектің және жауапты басшылық қызметтің нәтижесін көрсететін мәртебелі марапат.
Нұргүл Жігерқызын облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз жемісті, бастамаларыңыз нәтижелі, білім саласындағы әрбір қадамыңыз табысты болсын! 🌷

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-bokeyorda/press/events/details/48657?lang=kk