📚 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА МҮМКІНДІК!

📚 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА МҮМКІНДІК!

Бүгін, М-С. Бабажанов мектебінің базасында білім беру саласының жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтары мен алдағы міндеттерін айқындаған тамыз кеңесі өтті.
«Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы кеңес білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, педагогикалық қауымдастықтың алдына нақты міндеттер қоюға бағытталды.
Кеңес барысында білім сапасын арттыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне тиімді кіріктіру мәселелеріне басымдық берілді.
Сонымен қатар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, үздік педагогикалық тәжірибені тарату, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану бағыттары да назардан тыс қалмады.
Тамыз кеңесі – өткенді саралап, бүгінді бағамдап, болашаққа бағдар белгілейтін маңызды кәсіби алаң. Жаңа оқу жылының міндеттері айқындалып, сапалы білім мен нәтижелі тәрбиеге бағытталған жұмыстардың жаңа кезеңі басталды.
Барша ұстаздарға жаңа оқу жылында ізденіс пен шабыт, кәсіби биіктер, шәкірттерінің жетістігі мен еңбектерінің жемісін көруге тілектеспіз!
Сапалы білім – жарқын болашақтың бастауы!
Берік құндылық – ел болашағының тұғыры! 🇰🇿✨

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-bokeyorda/press/events/details/48656?lang=kk