Жаңа 2026–2027 оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау мақсатында ауданымыздағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарына білім беру бөлімінің бас мамандары Эмиль Темирбекұлы және Сұлтанбек Жайдарманұлы арнайы барып, білім беру ұйымдарындағы дайындық барысын жан-жақты қарап шықты.
Зерделеу барысында оқу кабинеттерінің дайындығы, санитарлық талаптардың орындалуы, білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, материалдық-техникалық базаның жай-күйі, көрнекіліктер мен қажетті оқу құралдарының әзірлігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарының аумағын абаттандыру, ғимараттардың тазалығы мен техникалық жағдайы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы және жаңа оқу жылына қажетті жұмыстардың уақытылы орындалуы қаралды.
Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті ұсыныстар беріліп, оларды белгіленген мерзімде ретке келтіру бағытында нақты міндеттер жүктелді.
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын сапалы қамтамасыз ету – білім алушыларға қауіпсіз, жайлы және сапалы білім беру ортасын қалыптастырудың маңызды шарты.