📚 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОҚУЛЫҚТАР ЖЕТКІЗІЛУДЕ Бөкей ордасы ауданының білім беру ұйымдарында 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Соның ішінде оқушыларды қажетті оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Жаңа оқу жылына жаңадан басылып шыққан 3-сыныптың «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» («Атамұра» баспасы), «Математика», «Дүниетану», «Музыка» («Алматыкітап» баспасы) және 7-сыныптың «Дүние жүзі тарихы» («Мектеп» баспасы) оқулықтары жеткізілді. Сонымен қатар мектепалды даярлық тобы мен 1-сыныпқа арналған жұмыс дәптерлері, мектепке дейінгі ұйымдарға қажетті дәптерлер де білім беру ұйымдарына таратылуда. Жеткізілген оқулықтар белгіленген тәртіппен мектептерге таратылып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін оқушыларды толық қамтамасыз ету жоспарлануда

<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=476&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Freel%2F2618167458605122%2F&show_text=true&width=267&t=0" width="267" height="591" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-bokeyorda/press/events/details/48654?lang=kk