Облыстық деңгейдегі кәсіби байқауда Нұргүл Оразаевна өзінің әдістемелік шеберлігін, шығармашылық ізденісін, заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибесін жоғары деңгейде көрсете білді.
Әдіскер – педагогке бағыт-бағдар беріп, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды тұлға. Нұргүл Оразаевна осы жауапты бағыттағы кәсіби біліктілігі мен ізденісін байқау барысында лайықты таныта білді.
Кәсіби жолыңызда жаңа белестерді бағындырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуына қосар үлесіңіз арта берсін! 