ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ДӘРІС

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ДӘРІС
Б.Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Бақытжан Сиықұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Ұстазы жақсы қандай-ды» іс-шаралар бағдарламасы аясында аудан мұғалімдеріне арналған тағылымды дәріс ұйымдастырылды.
Физика-математика ғылымдарының докторы Мирболат Сиыхов аудан педагогтеріне «Математиканың негізгі ұғымдарының қаржылық есептерде қолданылуы» тақырыбында дәріс өткізіп, математикалық білімнің күнделікті өмірдегі, соның ішінде қаржылық есептерді шешудегі маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Дәріс барысында математиканы оқытуда теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру, қаржылық және математикалық сауаттылықты қалыптастыру, есептерді тиімді шешудің әдіс-тәсілдері жөнінде құнды ақпараттар мен тәжірибелік бағыт-бағдар берілді.
Тағылымды кездесу аудан мұғалімдері үшін өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби білімдерін толықтыруға және математика пәнін өмірмен байланыстыра оқытудың тиімді жолдарын талқылауға мүмкіндік берген мазмұнды алаң болды.
Осындай ғылыми-әдістемелік кездесулер педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, білім беру сапасын арттыруға және ұстаздар арасындағы тәжірибе сабақтастығын н

 

ығайтуға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-bokeyorda/press/events/details/48651?lang=kk