Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Чернигов ауылдық округі,Тимофеев ауылы әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

  2026 жылғы 1  қыркүйекте  сағат 18.00-де Әулиекөл ауданының  Чернигов ауылдық округі,Тимофеев ауылы әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Чернигов сайлау округі бойынша 3 кандидат  ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат "өзін-өзі ұсыну" жолымен және 1 кандидат «Әділет» партиясынан ұсынылды.

Тимофеев  сайлау округі бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат "өзін-өзі ұсыну" жолымен және 1 кандидат «Әділет» партиясынан ұсынылды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2026 жылғы 6 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/documents/details/1061778?lang=kk