«Алтынсарин ауданы бойынша шетелдік азаматтар үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Алтынсарин аудандық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 «Алтынсарин ауданы бойынша шетелдік азаматтар үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Алтынсарин аудандық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

№

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Ескерту

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің жәнеҮкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес.

3

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда-республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзі не сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Қаржылық шығындар болжанбайды

4

Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзгесалдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға келтірмейді

5

Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Мақсаты - жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру.

Мерзім - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

6

Енгізілетін нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

«Алтынсарин ауданы бойынша шетелдік азаматтар үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Алтынсарин аудандық мәслихатының шешімі

7

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейді

8

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындары қаралмайды

 

 

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің

кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы   А. Шайхетдинов

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/documents/details/1061700?lang=kk