Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін БАҚ ұсынған эфир мен баспа алаңын төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер

Аудандық "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінің редакциясы Алтынсарин аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 27 қыркүйекке  тағайындаған Алтынсарин ауданы  Красный Кордон ауылы әкімін сайлауын дайындау және өткізу кезеніне баспасөз алаңын ұсыну төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлайды.

    Әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау органдарынан ақпараттық сипаттағы материалдарды жариялау кезінде газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны 2026 жылы 190 теңгені құрайды. Әкімдікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезінде газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны 200 теңгені құрайды.

    «Қазақстан Республикасындағы сайау туралы» Қазақстан Республикасының Коституциялық заңына сәйкес кандидаттардың сөз сөйлеу кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не хабарлар бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді.

 Б. О. Бидаулетова,

 «Таза бұлақ-Чистый родник»

ЖШС директор  -бас редакторы

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/documents/details/1061549?lang=kk