ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫ
2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Шахтинск қаласында 34 учаскелік сайлау комиссиясы құрылды.
Қалалық сайлау комиссиясы сайлауды дайындау мен өткізуге жалпы бақылау жүргізді. Әрбір саяси партияға Шахтинск аумағының халқына өздерінің сайлауалды тұғырнамалары мен бағдарламаларын таныстыру мүмкіндігі берілді. Үгіт-насихат плакаттары ілінді, сайлаушылармен кездесулер ұйымдастырылды.
Сайлау күні 326 бақылаушы, БАҚ өкілдері және саяси партиялардың уәкілетті өкілдері дауыс беру процесін бақылады.
Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттарын сайлауға үш саяси партия қатысты. Барлығы 32 кандидат тіркелді: «Nur Отан» партиясының Шахтинск қалалық филиалынан 24 кандидат, «Ақ жол» демократиялық партиясынан 5 кандидат және «Адал» саяси партиясынан 3 кандидат.
Сайлау күні сайлаушылардың жалпы саны 42 118 болды. Бюллетеньдерді 31 062 адам немесе сайлаушылардың 75,03 пайызы алды.
Дауыс беру нәтижелері бойынша мандаттарды бөлуге екі саяси партия жіберілді. Мандаттарды бөлудің келесі тәртібі белгіленді: «Нұр Отан» – 10 мандат; «Ақ жол» – 2 мандат.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 111-1 және 112-баптарына сәйкес қалалық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетінші шақырылымдағы Шахтинснск қалалық мәслихатының депутаттары болып тіркелсін:
1.1. «Nur Отан» партиясы» Қарағанды облысы қоғамдық бірлестігінің Шахтинск қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:
1) Евгений Михайлович Буслаев;
2) Маршида Раисовна Қадырова;
3) Ғалымтай Бәшкенұлы Қаржасов;
4) Ерлан Қалдыбекұлы Керімқұлов;
5) Жамала Сағантайқызы Мамерханова;
6) Әбдікәрім Бақриденұлы Меллятов;
7) Алмас Қаркенұлы Омарбеков;
8) Тілеубек Аманжол;
9) Чернова Алёна Сергеевна;
10) Төлеген Нәбиұлы Шаяхметов.
1.2. Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП Қарағанды облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша:
1) Рүстем Қазбекұлы Тұңғатов;
2) Тимур Тұрсынұлы Шәкенов.
Шахтинск қалалық мәслихатының VII-шақырылымның хатшысы болып Жамал Сағантайқызы Мамерханова сайланды.
VII шақырылымның бірінші сессиясында қалалық мәслихат депутаты Ғалымтай Башкенұлы Каржасовты «Nur Отан» партиясының VII шақырылымының Шахтинск қалалық филиалының депутаттық фракциясының жетекшісі етіп тағайындау туралы шешім қабылданды.
7-ші шақырылымның бірінші сессиясында қалалық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясын құру туралы шешім қабылданды:
- Бюджет саясаты және аймақтық экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы.
- Әлеуметтік мәселелер және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясы.
7-ші шақырылымдағы Шахтинск қалалық мәслихаты өз жұмысын Қарағанды облыстық мәслихатының аппаратымен, Шахтинск қаласы әкімінің аппаратымен және облыстық және қалалық әкімдіктердің басшыларымен тығыз ынтымақтастықта бастады.