Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

       

Жетісу облысы, Ескелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды:

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді (конкурстық ұсыныс) қабылдау, жергілікті «Жетісу шұғыласы»  газет бетіне жарияланған соң күнтізбелік 30 күннен кейін, он бес жұмыс күні ішінде, яғни 2026 жылдың  28- қыркүйектен 16-қазанға дейін қабылданады. (040500 Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы  Оразбеков  көшесі, 67), Ескелді ауданының әкімдігі №5 кабинетке табыс етеді.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2026 жылдың  16-қазан айының 18 сағат 30 минутқа дейін.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-akyn-sara/documents/details/1061170?lang=kk