«Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы
|
1. |
НҚА жобасының атауы |
«Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба). |
|
|
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса) |
Тәуелсіз директорларды іріктеу процесін жетілдіру және корпоративтік басқарудың халықаралық практикасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. |
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы шешім қабылдау рәсімін оңтайландыруға және оны жаңа кандидаттарға қажеттілікті қалыптастырудың нақты тәртібіне сәйкес келтіруге бағытталған. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
2026 жылғы қыркүйек. |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |