Т.Рысқұлов ауданында Көкдөнен ауылдық округінің
әкімін сайлау бойынша сайлау округін
құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Т.Рысқұлов ауданының Көкдөнен ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Көкдөнен ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округі және олардың шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Qulan Tany» газетінде жариялансын.
Төраға М.Тлепов
Хатшы А.Садық
Құлан ауылы,
05 тамыз 2026 жыл
№6