Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: 2026 ж.23.07. 2 шұғыл хабарлама келіп түсті диагнозы бар аурудың тіркелуіне байланысты: А15.0, 2026ж. 05.08. шұғыл хабарлама диагнозымен аурудың тіркелуіне байланысты: А15.0
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: - ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысының СЭБД «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу: 2026 ж. 27.07.бастап 2026 ж. 25.08. дейін.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ КМК «Павлодар қаласының №3 емханасы». Павлодар қ, Украинская кошесі, 38/2.6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Науқас «кез келген этиологиядағы өкпедегі қалдық өзгерістері бар тұлға» ретінде жыл сайынғы флюорографиялық тексеруге жоспарланмаған, бұл ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 "Туберкулездің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 2-тарауы, 3-бөлімі, 80-тармағының 4-тармақшасын бұзу болып табылады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға (жалпы практикалық дәрігері)
8.Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынды. Санитариялық-эпидемиологиялық қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру туралы қаулысы шығарылды.