Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

1. Тергеу жүргізудің негізі: 2026ж. 23.07. шұғыл хабарлама диагнозымен аурудың тіркелуіне байланысты: А16.0, 2026ж. 24.07. шұғыл хабарлама диагнозымен аурудың тіркелуіне байланысты: А15.0, 2026ж. 11.08. шұғыл хабарлама диагнозымен аурудың тіркелуіне байланысты: А16.0,

2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: - ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысының СЭБД «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.

4.Тергеп-тексеру жүргізу: 2026 ж. 27.07.бастап 2026 ж. 25.08. дейін.

5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Almaz Medical Group» ШЖС.  Павлодар қаласы, Ген. Дүйсенов көшесі, 4/3.

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Науқас қоғамдық тамақтандыру нысанының қызметкері бола тұра, оған жыл сайынғы флюорографиялық тексеру жоспарланбаған, бұл ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 "Туберкулездің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 2-тарауы, 3-бөлімі, 81-тармағының 14-тармақшасын бұзу болып табылады.Қақырыққа талдау уақтылы тағайындалмаған, бұл ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 "Туберкулездің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 2-тарауы, 3-бөлімі, 70 және 71-тармақтарын бұзу болып табылады.

7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға (жалпы практикалық дәрігері)

8.Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынды. Санитариялық-эпидемиологиялық қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру туралы қаулысы шығарылды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/documents/details/1060605?lang=kk