2026 жылдың тамыз айына мемлекеттік қызметтер мен өтініштер бойынша статистикалық деректер

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жітіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылдың тамыз айында «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасына мемлекеттік қызмет көрсетуге заңды тұлғалардан 6 (алты) өтініш түсіп, қаралды.         Қарау нәтижесінде Басқармаме н объектілерге 2 (екі) рұқсат құжаты (санитариялық–эпидемиологиялық қорытынды)  берілді.        Жобаларға 3 (үш) СЭҚ қайта ресімделді.        1 (бір) өтініш орындалуда, 2026 жылдың қыркүйек айына ауысатын.         Мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтініштер заңнамада белгіленген процестік мерзімдерінде қаралды, көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2026 жылдың тамыз айында Е-отіnіѕһ АЖ-да заңды тұлғадан 1 (бір) сұрау, жеке тұлғалардан 1 (бір) өтініш және 3 (үш) сұрау тіркеліп, қаралды.

Сұрау заңнамада белгіленген процестік мерзімдерде оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралды, өтініш әкімшілік рәсім тәртібімен қаралды, өтініш берушілерден шағымдар түскен жоқ.

Сонымен бірге, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді (сұрауларды, хабарламаларды) және арыздарды беру бойынша анықтамалық ақпаратты алу үшін 8-(71435)-3-30-05 телефоны арқылы немесе Жітіқара қаласы, Ленин көшесі, 30 мекенжайы бойынша Басқармаға хабарласуға немесе  Қазақстан Республикасының e-Gov.kz электронды үкімет порталы арқылы тікелей жүгінуге болатынын хабарлаймыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1060288?lang=kk