Дәрілік препараттардың
тіркеу куәліктерін кері
қайтарып алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік препараттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылып алынсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төраға
2026 жылғы ___ тамыздағы
№ _____ бұйрығына қосымша
Кері қайтарып алуға жататын дәрілік препараттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік препараттардың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
ҚР-ДЗ-5№121804 |
31.03.2021 |
Триведон MR |
Ципла Лтд, Индия |
|
ҚР-ДЗ-5№022726 |
27.09.2022 |
Капегард-500 |
Ципла Лтд, Индия |
|
ҚР-ДЗ-5№022625 |
10.12.2021 |
Валгир |
Ципла Лтд, Индия |
|
ҚР-ДЗ-5№022934 |
08.12.2022 |
Тадасип-10 |
Ципла Лтд, Индия |
|
ҚР-ДЗ-5№022942 |
08.12.2022 |
Тадасип-20 |
Ципла Лтд, Индия |
|
ҚР-ДЗ-5№022829 |
04.11.2022 |
Децицип |
Ципла Лтд, Индия |
Согласовано
19.08.2026 19:40 Кожахметов Ержан Мураталиевич
20.08.2026 08:14 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы
20.08.2026 08:38 Искаков Асет Кадырханович
Подписано
20.08.2026 14:28 Джусипов Бауыржан Алишерович