БЕКІТІЛДІ
Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар
№ /к өкімі
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»
мемелекеттік коммуналдық мекемесінің
қоғамдық даму бөлімі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Қоғамдық даму бөлімі ««Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Қоғамдық даму бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Қоғамдық даму бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
- Қоғамдық даму бөлімі 4 қызметкерден тұрады:
1) Бөлім басшысы;
2) Бас инспектор;
3) Бас маман;
4) Бас маман.
- Қоғамдық даму бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Қоғамдық даму бөлімінің міндеті:
- әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және гендерлік саясат саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, жоғары тұрған органдардың директивтік құжаттарын орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту.
- Қоғамдық даму бөлімінің құқығы және міндеттері:
1) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;
2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;
3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;
6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.
7) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау.
- Қоғамдық даму бөлімінің функциялары:
1) әлеуметтік және денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың директивті құжаттарын жүзеге асыру жөнінде материалдар дайындау, өз құзіреті аясында олардың орындалуына бақылау жасау;
2) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтардың еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету;
3) Алмалы ауданы әкімінің жанындағы әйелдер және отбасы демографиялық саясат істері бойынша комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
4) жедел әскери қызметке шақыру әскер жасындағы жастарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
5) әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру бойынша қызметтерді көрсетеді, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын және әкімшілік рәсімдерді сақтауды қамтамасыз ету;
6) жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жұмысын үйлестіру;
7) әлеуметтік инфрақұрылымның дамыуына жәрдемдесу;
8) гендерлік аспектілерді қарау;
9) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруды үйлестіру;
10) зейнеткерлік жастағы адамдардың, көп балалы адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі әлеуметтік жобаларды әзірлеу;
11) әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті дамыту;
12) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және олардың ісі жөніндегі жұмыс тобының жұмысын қамтамасыз ету;
13) кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
- Қоғамдық даму бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру
- Қоғамдық даму бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.