Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 28.07 күнгі «Уытты затпен улану, күкіртсутектің уытты әсері» туралы шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 28.07.2026 жылдан бастап 26.08.2026 жылға дейін.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Атырау облысы Су арнасы» КМК, «Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеу барысында реконструкцияланған №18 кәріздік сорғы станциясы (КНС) қабылдау актісіне сәйкес 2026 жылғы 20.05 күні пайдалануға қабылданғаны анықталды. Бұл ретте тексеру жүргізілген кезде объект «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ға берілмеген, алайда оның қызметкерлері станцияға қызмет көрсетуді жүзеге асырған.
2026 жылғы 31 шілде күнгі атмосфералық ауаға жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша күкіртсутектің шекті жол берілетін концентрациядан 77,5 есеге, ал формальдегидтің 11–25 есеге дейін жоғарылағаны анықталды, бұл желдету жүйесінің тиімділігінің жеткіліксіз екенін көрсетеді.
№ ҚР ДСМ-72 санитариялық қағидаларының 181-тармағының талаптарын бұза отырып, желдету жүйесінің сынақтан өткізілгенін, реттелгенін, пайдалануға енгізілгенін және техникалық қызмет көрсетілгенін растайтын құжаттар ұсынылмады.
Сонымен қатар, жұмыскерлердің тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын (газтұтқыштарды) пайдаланбай жұмыс істеуге жіберілгені анықталды, соның салдарынан олар күкіртсутекпен уланған. Бұдан бөлек, кәріздік сорғы станциясында арнайы киімге арналған киім шешетін бөлмелердің болмауы анықталды, бұл № ҚР ДСМ-72 санитариялық қағидаларының 43 және 98-тармақтарының талаптарын бұзу болып табылады.
Бұдан басқа, улану жағдайлары туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну мерзімдерінің бұзылғаны анықталды.
Анықталған бұзушылықтардың себептері еңбек жағдайларының қауіпсіздігін тиісті деңгейде ұйымдастырмау, желдету жүйесінің пайдаланылуына бақылаудың жеткіліксіздігі және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Атырау облысы Су арнасы» КМК, «Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК.
- Қабылданған шаралар: Шұғыл хабарламаларды уақтылы ұсынбау фактісі бойынша «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК қабылдау бөлімінің меңгерушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жаза қолданылды.
Атырау қаласы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 156-бабының 1-бөлігі бойынша № 262310031001527 қылмыстық іс тіркелді. Осыған байланысты «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ға және «Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтыруды қылмыстық іс аяқталғанға дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
Анықталған мән-жайлар туралы ақпарат Атырау қаласы полиция басқармасына жолданды.