Талғар ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын,
шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу
жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 2-тармағының 11)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Талғар ауданының елді мекендеріне бірыңғай
сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы
қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу
жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
- «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Талғар ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Айдарбеков Т.