Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Аппарат басшысының
2026 жылғы «___» ______
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қауіпсіздік және еңбекі қорғау бөлімінің басшысы - бас мемлекеттік еңбек инспекторының
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
- Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қауіпсіздік және еңбекі қорғау бөлімінің басшысы - бас мемлекеттік еңбек инспекторы (бұдан әрі – Бөлім басшысы) өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы лауазымға қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті туралы Ережені (бұдан әрі - Комитет) және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Аппарат басшысының бұйрығымен қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалады және атқаратын лауазымынан босатылады.
1.3. Бөлім басшысы тікелей Комитетінің төрағасы мен орынбасарына бағынады және бұйрықтар, жұмыс өкімдерін алады.
1.4. Бөлім басшысына тікелей бағынатын еңбек заңнамасын бақылау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) лауазымдарының тізбесі:
1) бөлімнің бас сарапшысы;
2) бөлімнің сарапшысы.
1.5. Бөлім басшысы болмаған жағдайда оны бөлім басшысы айқындайтын бөлімнің бас сарапшысы алмастырады.
- Бөлім басшысының құқықтары
Бөлім басшысының:
2.1. Бөлім алдында тұрған міндеттерді орындауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және Комитет басшылығының қарауына енгізуге;
2.2. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға;
2.3. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комитет атынан түсініктеме беруге;
2.4. Бөлім қызметінің мәселелері бойынша шығыс құжаттарға бұрыштама қоюға;
2.5. Бөлім қызметкерлерінен құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын, сондай-ақ бақыланатын құжаттар мен шешімдердің орындалу барысы туралы барлық қажетті мәліметтерді талап етуге;
2.6. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысуға;
2.7. Комитет пен министрлік басшылығынан қызметтік өкілеттіктердің міндеттері мен көлемін дәл айқындауды талап етуге;
2.8. Басшылардың, өзге де лауазымды адамдар мен азаматтардың тарапынан жеке қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне әділ және құрметпен қарауға;
2.9. Еңбекті қорғау, денсаулық, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайларына;
2.10. Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.11. Келесі мәселелерді өз бетінше шешу:
Бөлім жұмысын жоспарлау;
Бөлім басшысы бас сарапшысы мен сарапшысының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындауға;
атқарушылық тәртіпті бұзу жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы мен сарапшысынан түсіндірме сұратуға;
Комитеттің жетекшілік ететін орынбасарына Бөлім қызметкерлерін көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар беруге;
Комитет басшылығына белгіленген штат саны шегінде бөлімнің штат кестесі бойынша ұсыныстар беруге;
өз құзыреті шегінде сыртқы байланыстарды жүзеге асыруға құқығы бар.
- Бөлім басшысының міндеттері
Бөлім басшысы:
3.1. Бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3.2. Бөлімінің бас сарапшысы мен сарапшысының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3.3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет пен министрлік пен Комитет басшылығының Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
3.2. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
3.3. Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3.4. Комитет басшылығы мен жоғары тұрған мемлекеттік органдар айқындайтын тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
3.5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде құқықтық ықпал ету шараларын қабылдайды;
3.6. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметін үйлестіреді және тексереді, сондай-ақ оларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
3.7. Ұйымдардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинақтайды, жүйелейді және талдайды;
3.8. Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, ҚР Үкіметінің, Комитет және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша материалдар мен ақпаратты дайындайды;
3.9. Бөлімінің құзыреті мәселелері, сондай-ақ Бөлімінің құзыреті бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарайды;
3.10. Бөлімнің құзыретіне кіретін еңбек заңнамасы мәселелері жөніндегі комитеттің семинарларын, алқаларын, конференцияларын және талдамалық материалдарын дайындауға қатысады;
3.13. Мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған әдеп және әдеп талаптарын, сондай-ақ Комитет жұмысының регламенті мен ішкі тәртіп ережелерін сақтайды.
- Бөлім басшысының жауапкершілігі
- 1. Бөлім басшысы:
- осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген функционалдық міндеттерді сақтауға;
- алдына қойылған міндеттерді және оған жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыру және орындауға;
- өзіне берілген құқықтар мен өкілеттіктер шеңберінде өз міндеттерін уақтылы, сапалы және тиісінше орындауға;
- мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметінде болуына байланысты шектеулерді сақтауға;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға;
- арыз иесіне жауап беру кезінде Е-Otinish ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу карточкасының деректемелерін (өтініш түрі, өтініш нысаны және т. б.) қате толтырғаны үшін жауапты болады;
- арыз иесіне жауап беру кезінде Е-Otinish-тегі өтініштер бойынша сұрақтар мен қабылданған шешімдердің сипатын қате толтырғаны үшін жауапты болады;
- Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен рұқсат етілмеген өзге де әрекеттерге жеке жауапты болады.
Жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлік атқаратын лауазымынан босатылған кезде, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттама мен тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге берілетін болады.
Таныстым (а):
_________________________________________________________________
(Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т. А. Ә., қолы, күні)
Таныстым (а):
_________________________________________________________________
(Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т. А. Ә., қолы, күні)
Таныстым (а):
_________________________________________________________________
(Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т. А. Ә., қолы, күні)
Таныстым (а):
_________________________________________________________________
(Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т. А. Ә., қолы, күні)